Рухани жаңғыру

Абылай ханның мөр-жүзігі

Елордадағы Ұлттық музейден қазақ тарихындағы ұлы хандардың бірі – Абылай хан бабамыздың мөр-жүзігінің көшірмесін көріп, тарихтың тереңіне бір сүңгіп кеткендей әсерде болдық.

Елордадағы Ұлттық музейден қазақ тарихындағы ұлы хандардың бірі – Абылай хан бабамыздың мөр-жүзігінің көшірмесін көріп, тарихтың тереңіне бір сүңгіп кеткендей әсерде болдық.

Бұл мөр-жүзік тамшы тәрізді, ақ металдан құйылған. Үстіңгі бетінің ортасында араб графикасымен «Абылай бин Уәли баһадур сұлтан» деп жазылған. Жазудың сырты екі қатар ойылған сызықпен қоршалған, ішкі сызықтың тұмсық ұшы үш айыр жапырақ бейнесінде бедерленген. Екі қоршау сызықтың ортасында 21 шаршы өрнек ойылған.


Ертеде қазақ хандары мен сұлтандарының ішкі саяси құжаттары және халықаралық маңызды құжаттарды куәландыратын іс жүзінде қолданған мөрлері болған. Кейбір деректерде Абылай сұлтан мөр-жүзігін Орта жүздің ханы Әбілмәмбет кезінде, яғни XVIII ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап елдің ішкі және сыртқы саясатына араласа бастаған кезде қолданған деп айтады. Осы жылдары Абылай сұлтан Орта жүздің билеушісі мәртебесіне ие болып, Ресей империя­сы, Цин патшалығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық байланыс орнатуға ықпал жасайды. Ресейдің Орынбор, Омбы, Тройцк және Қытайдың Үрімжі, Құлжа қалаларында жәрмеңке ұйымдастырып, айырбас сауда қатынасын орнатады. Бүгінде Абылай сұлтанның мөрінің таңбасымен бекітілген құжаттар мен олардың көшірмелері Қытай, Ресей мұрағаттарында сақтаулы тұр. Өкінішке қарай, хан бабамыздың мөр-жүзігінің түпнұсқасы сақталмаған. Ал оның көшірмесін шеберлер құжаттарға басылған мөр арқылы қайта жасап шығарды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button