Жаңалықтар

Адам өз құқын жақсы білуі тиіс

500

Алматы аудандық сотында Азаматтық іс жүргізу ко­дексі­нің жаңа жобасын талқылауға арналған жиын өтті. 

Басқосуды Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы Ғ.Нәсірдінов ашып, азаматтық іс жүргізу құқығы сот төрелігіне қолжетімділікті, азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқыларын барынша іске асыруды, жеке адамның бұзылған құқылары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерін уақтылы қорғауға және қалпына келтіруге бағытталатынын айтты.
Жиын барысында Алматы аудандық сотының судьялары С.Құрманбекова мен М.Қасымова азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасы азаматтарға сот қорғауында өз құқыларын неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдерін айқындап, әділдік, заңдылық, бейтараптық ұстанымдарын нормативтік-құқықтық тұрғыда орнықтыруға және азаматтық істерді сотта қараудың үзіліссіз принципін қалыптастыруға негіз болатынына тоқталды.
Талқылау барысында судья­лыққа тағылымдамадан өтушілер мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академия­сы сот төрелігі институтының магистранттары заң жобасымен танысып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Әсел ШУЛАНБАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button