ЖаңалықтарМәдениет

АХМЕТОВА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Rr77X5w5CgI

«Астана Опера» театрының әншісі Салтанат Ахметова «Большая опера» атты тележобаның жеңімпазы атанды. Салтанат – академиялық концерт пен шоу элементтерін біріктірген «Россия К» теларнасының мега жобасына қатысқан тұңғыш қазақ әншісі.

Аталмыш жобаға Алмания, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Әзер­байжан, Өзбекстан және Армения вокалистері қатысты. Алайда,  КСРО халық әртісі, опера сахнасының әлемдік жұлдызы Елена Образцова, РСФСР халық әртісі, сопрано Галина Калинина, мәскеулік «Геликон-Опера» музыкалық театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Дмитрий Бертман, сондай-ақ Веналық операның интенданты Иоан Холендер қазылық еткен конкурстың мәресіне Салтанат пен бірге белоруссиялық   Илья Сильчуков пен ресейлік Василиса Бержанская ғана жетті. Ал жеңімпазды телекөрермендер да­уыс беру ар­қылы финалға шыққан үш үміткер арасынан таңдады. Беделді бай­қауда бағы жанған Салтанат Ахметова  мұны кәсіптік тұрғыдан алғанда маңызды сынақ ретінде бағалады. Ол Көкшетаудағы Бір­жан сал атындағы музыка кол­леджін, Қазақ ұлттық музыка ака­демиясының «жеке ән орындаушы» мамандығы бойынша Хорлан Қалиламбекованың сыныбын бітірген. Италияның вокал өнері академиясында іс-тәжірибеден өтіп, халықаралық дәрежедегі опера майталмандарының шеберлік дәрісін тыңдаған.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button