Қала тіршілігі

Айналаны ластағанға – айыппұл

Экологиялық құқық бұзушы­лық­тарды анықтау, жолын кесу және экологияны жақсарту бо­йынша шаралар қабылдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Таза Қазақстан» айлығы өтуде. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті табиғат қорғау полиция­сы бөлімшесінің инспекторлары, учаскелік инс­пекторлар, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел-­алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде рейдтер ұйымдастырып, табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорданың сол жағалауындағы 18 жеке ұйым экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды. Талдау көрсеткендей, негізінен экологиялық заңнаманы бұзуға құрылыс ұйымдары жол береді. Жыл басынан бері 12 нысанда осындай бұзушылықтар анықталған. Мысалы, құрылыс компаниясына іргелес аумақты уақытылы жинамағаны, жолға балшық шығарғаны үшін айыппұл салынды.
Сонымен қатар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 40-тан аса жеке тұлға ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көптеген ауыр жүк көліктері қарды, қоқысты, ағынды суларды, еріген су мен құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерге тастап, жауапсыздық танытқан. Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері шағын орта бизнес нысандарына іргелес аумақты ұсақ тұрмыстық қоқыстардан тазарту бойынша 100-ден аса ұйғарым берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button