Басты ақпарат

Әлеуметтік бастама әлеуеті

Кеше Астана қаласы активінің отырысында Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасын жүзеге асыру механизмдері талқыланды. Елорда әкімі Әсет Исекешев «7-20-25» әлеуметтік бастамасының маңыздылығына тоқталып өтті. 

«Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – «әлеуметтік маңыздылық проблемасы». «7-20-25» әлеуметтік бағ­дарламасы тұрғын ипотекасының қалың бұқараға қолжетімділігін жо­ғарылатып, тұрғын үй секторына жаңа дем береді. Енді жұмысы бар әр тұрғын үшін талаптары ыңғайлы ипотекалық займды ала алады. Бұл банк секторын жандандырып қоймай, тұрғын үй нарығының белсенді түрде дамуына серпін беріп, өндірістің дамуына сеп болады. Осы ретте жаңа жұмыс орындары да құрылады» деді әкім.
Әсет Исекешев, сондай-ақ, алдағы бір айдың көлемінде Астанада жаңа тұрғын үй бағдарламасының қабылданатынын жеткізді.
Атап айтқанда, 2018 жылы тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру аясында Астанада жалпы ауданы 78,3 мың шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Осылайша, кезекте тұрған азаматтар үшін елорданың коммуналдық тұрғын үй қорынан, сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында 1500-ге тарта пәтер ұсынылады деп жоспарланған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button