#Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 30 жыл

Әлі де әскери саптамыз

Саналы ғұмырымды армияға арнап, ұзақ жыл үлкен әскери құрамаларды басқарып, кейін «Оңтүстік» өңірлік әскерлерінің қолбасшысы, ҚР Қорғаныс минис­трінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған мен үшін Қарулы күштеріміздің 30 жылдығы – үлкен оқиға.

[smartslider3 slider=2936]

Запасқа шықсақ та, біз әлі әскери саптамыз. Бұрын ДОСААФ деген атпен кеңінен белгілі болған, қазіргі әскери-техникалық мектепте жастарды Қарулы күштер қатарындағы қызметке дайындаумен айналысып жатырмыз. Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб мектепке тиісті жағдай жасап, материалдық-техникалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіп келеді.

Осы жылдар ішінде мектептің 15 филиалында 41 мыңнан астам жастар әскери дайындықтан өтті. Біздің курсанттардың басым көпшілігі, яғни 80-85 пайызы – жоғары білімі бар жастар. Оқу бағдарламасы әскери дайындықтың 12 түрі бойынша 35-40 күнді қамтиды. Оның ішінде әртүрлі қару түрлерінен (автомат, пулемет, гранатомет, снайперлік винтовка, АГС-17, СПГ-9) атыс жаттығулары да көзделген. Оқуды аяқтаған соң курсанттар арнайы емтихан тапсырып, әскери ант қабылдап, ҚР Қорғаныс министрлігі бекіткен үлгідегі куәліктерді алады.

Әскери-техникалық мектептің ұжымы запасқа шыққан білікті офицерлерден тұрады. Болашақ Отан қорғаушыларға өзінің бай тәжірибесі мен білімін бөлісіп келе жатқан оқытушылардың қатарында М.Вахомский, М.Қибаров, Д.Қасымов, Р.Ғабдрахманов, Е.Тлембеков, А.Есмамбетов, Р.Галиев және басқалар бар.

Қазіргі таңда Қарулы күштерімізді сапалы сарбаздармен қамтамасыз етуде әскери-техникалық мектеп пен оның филиалдары маңызды рөл атқарып келеді

Болат ДАРБЕКОВ,

«ҚР ҚМ Әскери-­техникалық мектеп» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

бас­тығы, запастағы генерал-лейтенант

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button