Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Еламан Бейсенов, қала тұрғыны:
– Мен тұрып жатқан үйдің жер учаскесі ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға жатады. Кезінде пәтер жалдап қиналып жүргенде арзан ақшаға сатып алып, екі бөлмелі үй тұрғыздық. Енді біз тұрған аудандағы (Назарбаев университеті) саяжайлар биылдан қалмай түгел сүріледі деп жатыр. Газет арқылы анық-қанығын білейін деп едім…

Оқырман сауалына «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС бас сәулетшісі Арсений Пирожковтың жауабын ұсынамыз:
– Жалпы, жоспар бойынша қала ішіндегі барлық саяжайлар сүріледі. Келесі жылы Қабанбай батыр даңғылының сол жағындағы саяжай алабы ысырылады. Одан кейінгі кезекте Назарбаев университетіне жетпей оң жақтағы саяжайлар бар. Қазіргі уақытта инвесторлар жерді сатып алып, ысыру мәселесімен айналысуда. Әрі қарай спорт нысандары маңындағы саяжайларды күреу көзделген. «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының артқы жағындағы саяжайлар да инвес­торлар есебінен тегістеледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button