Басты ақпаратМәдениет

АЛМАТЫНЫҢ АСТАНАДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» деген тақырыппен Алматы қаласының Астанадағы Мәдениет күндері өтеді. Игі іс-шара қарашаның 5-6 күндері жоспарланып отыр.

almaty

Қарашаның 5 күні (сағат: 10:00-де) Қазақстан Республикасының мұражайында «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты көрме өтеді. Сондай-ақ «Қазақконцерт» концерт залында (сағат: 17:00-де) Алматы қаласының шығармашылық ұжымдары мен өнер иелерінің қатысуымен Гала-концерт және фотокөрме жоспарланып отыр. Бұдан бөлек алматылық ақын-жазушылар (сағат: 15:00-де) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жастармен кездесіп, оқырманның сауалдарына жауап береді.

Сонымен қатар 5-6 қараша күндері Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық театрында (сағат: 11:00, 15:00-де) Мемлекеттік Қуыршақ театрының қайрымдылық қойылымдары ұйымдастырылады. Алматының Астана қаласындағы мәдениет күндері Бейбітшілік және келісім сарайындағы (сағат 15:00-де) дәстүрлі музыка кешімен түйінделеді.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button