ЖаңалықтарЭкономика

«Бизнестің жол картасы – 2020» шеңберінде 26 келісіміне қол қойылды

Астанада үшінші тоқсанда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жаңа жобалар бойынша жалпы сомасы 8,7 млрд теңге несиелік портфелімен субсидиялаудың 26 келісіміне қол қойылды, 309 млн теңгенің 19 кепілдігі мақұлданды.
ekonomika

Үшінші тоқсанда «Астана бизнес» бағдарламасы бойынша 14 кәсіпкер жылына 7,6%-бен жалпы сомасы 1 536,8 млн теңге болатын жеңілдетілген несиелер алды. «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы бойынша оқып шыққан үш адам өз ісін ашты. Студенттерге арналған «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» атты жеке бағдарлама да қарастырылған, ол бойынша 20-дан аса адам оқу курстарынан өтіп, біреуі бизнес-жобасын жүзеге асыра алды.

Сонымен қатар, 39 жас кәсіпкер «Astana-ZhasStarT» бағдарламасына қатысып, жылына 7%-бен жалпы сомасы 540,8 млн теңгенің несиелерін алды. «Даму-Көмек» жобасына қатысудың арқасында мүмкіндігі шектеулі 4 кәсіпкерке демеушілік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, елорданың Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) бизнесті мемлекеттік қолдау, бухгалтерлік және салықтық есеп, бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша 1 214 қала тұрғыны тегін консультация алды.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button