Мәдениет

«Алтын қалам» – астаналық қаламгерде

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы Әміржан Әлпейісов «Алтын қалам» байқауында бас жүлдені иеленді.

Биыл бұл байқауға қазақ және орыс тілінде жазылған мыңнан астам шығарма келіп түсті. Олардың арасында АҚШ, Германия, Украина, Ресей, Израиль және Беларусь мемлекеттерінде тұратын авторлар болды.
Бұл жолы «Алаш» автономиясы мен өкіметінің құрылғанына жүз жыл толуына орай «Алашордаға – 100 жыл» аталымы жария­ланды. Әміржан Әлпейісов дәл осы аталымда Фатима Ғабитова туралы «Ана жүрегі» новелласын ұсынып, топ жарды.
Бұған қоса, «Алтын қалам» байқауына біріктірілген «Дарабоз» (жылдың үздiк балалар және жасөспiрiмдер әдебиетi) жүлдесін Төкен Әлжантегі (Қарағанды), «Қазақ әдебиетiне қосқан елеу­лi еңбегi үшiн» аталымын Шерхан Мұртаза, Есенжол Домбай атындағы «Жылдың үздiк сатирасы» жүлдесін Александра Суслова (Қостанай), «Жылдың үздiк кино­сценарийi және драматургиясы» аталымын баршаға Қожа рөлімен таныс Нұрлан Санжар және Бану Рамазанова (Алматы) иеленді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button