ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ӘМБЕБАП «САМҒАУ»

Сам_ау

Астанадағы Алаш тас жолы бойында «Самғау» сауда орталығы ашылды.

Сәулеті жоғары деңгейде жасалған бес қабатты сәнді ғимарат 25 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Мұнда кәсіпкерлерге, сатып алушыларға қолайлы барлық жағдай жасалған. Мәселен, жүк жеткізуге арналған «Митцубиси» компаниясының лифтілері және эскалаторлары орнатылған. Еуропалық стандартқа сай салқындату әрі ауа алмастыру, жылыту жүйелері іске қосылған. Сондай-ақ, бірінші қабаттағы зертханалар мен тоңазытқыш қондырғыларына арналған бөлмелер, қоймалар қолайлы ойластырылған. Бұдан бөлек, келушілерге 600 орындық тегін автотұрақ қызметі ұсынылып отыр.

– Алдағы уақытта әр аптаның сенбі, жексенбі күндері отандық тауар өнімдеріне, ауыл шаруашылық өнімдеріне жәрмеңке ұйымдастырылып отырады. Бұл шараға «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйытқы болып отыр. Алдағы жоспарымызды айтар болсақ, жастарға арналған 3D форматтағы шағын-шағын бірнеше кинотеатр ашпақ ойымыз бар. Сондай-ақ, қолөнер шеберлеріне едәуір аумақты тегін жалға беруді қарастырып отырмыз. Біздің компанияның саясаты, тікелей «Нұр Отан» партиясының тапсырмаларына негізделеді, яғни, халықтың тұрмыс-тіршілігін оңтайландыруға барынша қолдау білдіреміз,–деді жаңа сауда орталығының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Нұр» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайырлы Тәукен.

«Самғау» әмбебап базары тұсаукесер салтанатының ресми бөлімінен кейін жәрмеңке және «Жақсының бәрі – балаларға» атты балалар шығармашылығының байқауы, шахматтан турнир өткізілді. Белсенді қатысушыларға әр түрлі сыйлықтар берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button