Жаңалықтар

Аналарға арналды

№34 «Ақ бидай» балабақшасында Аналар күні мерекесіне арналған «Музыкалық отбасы» атты сайыс өтті. Он екі топтың ата-аналары мен бүлдіршіндері қатысқан байқауда ақ жаулықты аналар туралы ән айтылып, жырдан шашу шашылды.

Ашылу салтанатында сөз алған балабақша меңгерушісі Назкен Рысбаева бүгінгі шараның мақсаты тілімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді, музыкамыз мен әдебиетімізді, бір сөзбен айтқанда, ұлттық байлығымызды кішкентай бүлдіршіндерге осы жастан бастап сіңіру екенін жеткізді.
«Отбасы құндылықтарын нығайту – қоғам талабы. Ата-аналардың шығармашылық белсенділігін арттырып қана қоймай, музыкаға бейімі балаларды анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бергіміз келді» дейді Назкен Рысбаева.
Сайыс қорытындысы бойынша «Ең әуенді отбасы» номинациясына ие болған Ізбасаров Әлібек және оның үш жасар ұлы Абулхан Әлиханға «Алтын» микрофон» сыйлығы берілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

  1. Ассалаумағалейкүм Қазақ елі!!! Осындай тәлімді де тәрбиелі бастамаларды болашақ ұрпақ санасына жастайынан сіңіруге ат салысып отырған №34 – «Ақбидай» балабақшасының меңгерушісі Рысбаева Назкен xаным бастаған ұжым басшылығы мен Тәрбиешілеріне ыстық ықыласымды білдіремін! Еңбектеріңіз әрқашан жемісті де жеңісті болғай!!!

Пікір үстеу

Back to top button