Елорда тынысы

Аналарға құрмет көрсетті

Астанадағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сара­йында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем симфониясы» атты мерекелік бал өтті.

Салтанатты кешті М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының директоры Вадим Моторин құттықтау сөзбен ашты.

– Бұл мерекенің нәзік жандар үшін мағынасы терең, орны ерекше. Міне, сондықтан да мектеп оқушылары бізге ең қымбат және жақын адамдар үшін таңғажайып сиқырлы мерекелік кеш ұйымдастырды. Мен сіздерге, қымбатты ханымдар, шын жүректен бақыт пен қуаныш тілеймін! Көктеммен бірге келген тамаша мереке – қайталанбас сұлулығы мен даналығына айрықша бас июге тұрарлық жандар қуанатын айрықша күн, оларға деген ризашылық пен құрметке толы күн, – деді ол өз сөзінде.

Іс-шарада мектеп оқушылары мен елордалық студенттер парламентінің жетекшілері өздерінің терең ризашылығы мен құрметін білдірді. Білім басқармасы білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гүлфара Сарамбетова да қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтің атынан мерекелік іс-шараға шақырылған ардагер ұстаздарды, мұғалімдерді, оқушыларды көктем мерекесімен құттықтады.

Бағдарламада Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық ұланы ән және би ансамблінің ерлер хоры орындаған әуендер айрықша қабылданса, №1 балалар музыка мектебі балаларының өнері ерекше тебірентті. Ең қызығы, ең әсерлі сәт балға қатысушылардың өмірдегі ең қымбатты адамы – аналарымен вальс билеп, әуенмен үйлесімді тербелуі болды.

Шынар ХАМИТОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button