Мәдениет

Әнге айналған жырлар

Биыл қазақ руханиятына жауһар жырларымен үлес қосқан ардақты  ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына – 85 жыл. Осыған орай Нұр-­Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту  және архивтер ісі басқармасына қарасты «Руханият» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бір тойым болатыны сөзсіз менің…» атты ақын өлеңдеріне жазылған  әндерді орындау байқауы өтті.

[smartslider3 slider=2193]

Рухани құндылықтарымыз­ды ұлықтап, ана тіліміздің құнарынан сусындаған дарынды, өнерлі өрендеріміздің талантын шыңдау, шабыты шарықтаған жастарымыздың шығармашылық көкжиегін кеңейту, ақынның өшпес мұраларын ұрпақ санасына сіңіру, өнер әлемінде ақынның жырларына жазылған рухты, сазды әндерімен өсіп келе жатқан дарындарды елге таныту мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаланың 15 мектебінің оқушылары қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды № 27 мектеп-лицей оқушысы Мөлдір Даринова, Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының оқушысы Әйгерім Мұстафа, Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп гимназиясының оқушылары Қарақат Құлажан және Айғаным Мақсұтқанова иеленді.

Екінші орын иегерлері №8 мектеп-лицейінің оқушысы Жанболат Олжабай, Ақселеу Сейдімбек атындағы № 54 мектеп-лицейінің оқушысы Ерсұлтан Ерсайын.

Бірінші орынды №10 мектеп-гимназияның оқушысы Әдел Біржанова қанжығасына байласа, Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектебінің оқушылары Мансұр Амангелді, Аида Нұрғали, Кирилл Шестопалов бас жүлдені алды.

Жүлделі орынға ие болған оқушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button