Жаңалықтар

Апта айнасы

Парижде «ЭКСПО-2017»-нің жеңімпаз қаласы ретінде Астананың алғашқы таныстырылымы өтті.

Айтулы шарада көрмеге байланысты Мемлекеттік комисси­я және Ұлттық компанияның құрылуы мен олардың міндеттері, жобаны қаржыландыру мәселесі, халық­ара-­лық қатысушы елдермен жұмыс жүр­гізу бойынша іс-шаралар кешені және көрмені өткізгеннен кейінгі ЭКСПО нысандарын пайдалану жоспары баяндалды.

Астанада оқушы қыз өз-өзіне қол салмақ болып, көпірден секірген.

Патрульдік полиция полкі кава­­ле­­рия­лық ротасының тәр­тіп­ сақ­­шы­­лары кезекшілікті атқару барысында Сарайшық көше­сін­де­гі көпірден қыз баланың суға секіргенін көр­ген. Полиция аға сержанты Айбек Ғаппаров оның соңынан секіріп, қызды жағаға алып шыққан.  Әріп­те­сі Беркімбек Сейдуәлиев екеуі  жедел жәрдем жеткенше қызға  алғашқы медициналық көмек көр­сет­кен. «Бел және мойын омыр­т­қа­ла­рының жарақаты» диагнозымен ауруханада емделген қыз бүгінде  ата-анасының қарауында.

Астана қаласының кассаларында­ Pussycat Dolls тобының ең белді мүшесі, танымал­ америкалық әнші Николь Шерзингер қатысатын түнгі би кешіне  билеттер сатыла бастады. 

«Сарыарқа» велотрегінде өтетін «Асқақтай бер, Астана!» атты мере­келік кеште Луина, Әли Оқапов, Assyl этно-тобы, «Арнау» дуэті, Son Pascal, K-Rim, А-Студио, Дискотека Авария, Потап пен Настя сынды өнер жұлдыздары ең танымал туындыларын орындайды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары елорда­ базарларындағы азық-түліктің сапасын тексерді. 

«Әр үйге – қауіпсіз азық-түлік» акциясы аясында көкөністер мен жеміс-жидектердің құрамындағы нитраттар, азық-түлік өнімдерінің микробиологиялық түзбесі тексеріліп, балдың табиғилығы, қымыздың қышқылдық дәмі сараптамадан өткізілді. Тескеріс қорытындысында барлық тағамдардың талапқа сәйкестігі, тұтынуға қауіпсіз екендігі анықталған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына 106-шы Қазақ ұлттық кавалерия дивизиясы солдаттарының туған-туыстары мен ұрпақтарынан хат келді деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Хатта авторлар 106-шы Қазақ кавалерия диви­зия­сы­ның ерлігі туралы көрсететін Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені «О чем молчал тернов­ник…» атты деректі фильм түсіргені үшін зор алғыс біл­дірген.
«Ұзақ жылдар бойы 106-шы Қазақ кавалерия диви­зия­сының тағдыры туралы ешқандай ақпарат болмады. Президент Телерадиокешенінің 1942 жылы Харьков түбіндегі күші басым жаумен ұрыста қаза тапқан Қазақ дивизиясы жігіттерінің қайғылы тағдыры туралы фильм түсіргені мәні зор оқиға болды. Бұл біздің әкелеріміз бен аталарымыздың нағыз батыр болғандығын тағы да даусыз дәлелдейді», – делінген хатта. Сондай-ақ, деректі фильмнің тарихи маңыздылығы атай келе, еліміздің жаңа биік жетістіктерге жете берсін деген игі тілектерін білдірілген.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Астанада салынып жатқан «Ұлттық ғарыш орталығы» мекемесінің құрылысы барысымен танысты.

Нысандардың салыну барысымен танысқан агенттік төрағасы Т.Мұсабаев: «Ұлттық ғарыш орта­лы­ғында бірнеше өндірістік нысандар салынуда. Олардың қатарында ғарыш тех­ни­ка­сының арнайы кон­­с­трук­­­тор­лық-технологиялық бюро­­сы­­ның ғарыш жүйелері мен кешен­де­рін жобалау мекемесі, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш­­тық жүйесінің жерүсті кешені, жоғары спутниктік нави­га­ция жүйесінің жерүсті инф­ра­құ­ры­лымы орталығы тәрізді Қазақ­стан­ның ғарыш саласының дамуына зор үлесін қосатын мекемелер бар. Аталған мекемелер 2015 жылы толық іске қосылатын болады» деп мәлімдеді.

Интернет ұмытшақтыққа ұрындырады.

Соңғы кездері ұмытшақтық ауруына шалдыққандар жетіп артылады. Калифорния уни­­вер­­си­­те­ті­нің­ ғалым­да­ры кезекті зерттеуін осы пробле­ма­ның мән-жайын анықтауға арнаған. Зерттеуге ұмыт­шақтық дертіне шалдыққан 18 бен 99 жас аралығындағы 18 мың адам қатысқан. Ғалымдар анық­та­ғандай, жас­тар­дың есте сақтау қабілетінен айрылуы күй­зе­ліс пен интернет арқылы алған ақпараттың тым көп­ті­гі­нен екен. Ал, қарттардың ұмыт­шақ­­ты­ғы мидағы қан айналы­мы­­ның төмен­деуі­нен – дейді зерт­теу­ші­лер.

Биыл ҚР Президентінің БАҚ саласындағы ақшалай сыйлығының мөлшері 2 млн теңге. 

Ақорданың ресми Twitter аккаунты хабарлағандай, Президент сый­лы­ғы мен грантына үміт­кер­лер­ден­ құжат қабылдау 18-ші маусымда аяқ­та­ла­ды. Ақшалай сыйлық мөлшері – 2 млн, грант – 1 млн 462 мың теңге. Сыйлықтар мен гранттарға үміт­кер­лерді БАҚ өкілдері, кәсіби одақтар, қоғам­дық бір­лес­тік­тер, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button