Жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕГІ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов xалыққа есеп берді.

брифинг

Ол өз сөзінде 5-6 маусымда Ақтөбеде болған террорлық әрекетке ерекше тоқталды. Аталмыш оқиғаға қатысқан соңғы лаңкес жексенбі күні ұсталған еді. Министрдің мәлімдеуінше, қазір ондағы жағдай тұрақты.

– Террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі сарыға ауыстырылды. Барлық мекемелер бұрынғыша қызметіне кірісті. Құқық қорғау органдары кешегі күнге дейін күшейтілген нормада жұмыс атқарған. Олардың бәрі өз аймақтарына қайтты. Ал қылмыстық істі Бас Прокуратурамен бірлесіп, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жүргізуде, – деді Қалмұханбет Қасымов.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button