Sport

АРЫНДЫ «ARLANS»

arlans-3-asli

«Астана арланс» клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Атырауда өткен жекпе-жекте арландар қытайлық  «Чайна Драгонс» боксшыларын бет қаратпай жеңді.

Шаршы алаңға шыққан шымыр жігіттердің бәрінің мерейі үстем болып, қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсті. Ал­ды­мен 49 келі салмақта жұды­рық­тасқан Теміртас Жүсіпов Хе Цзюньцзюмен кездесіп, тө­решілер бірауыздан отандасы­мыздың жеңгенін мойындады.
Одан кейін 56 келіде Ильяс Сүлейменов есепті еселей түсті. Ол қытайлық Ван Лунды қапы қалдырды.
Үшінші болып рингке көте­­рілген 64 келілік Діл­мұрат Мәжитов Лю Ян атты боксшыны екі рет нокаутқа жіберіп есеңгіретті. Осылайша ол командасын уа­қы­тынан бұрын жеңіске жеткізді.
Содан соң 75 келіде Сапарбай Айдаров пен Минганг  Жао қолғап түйістірді. Нәти­жесінде біздің боксшының  абыройы асты.
Ал ең соңынан шыққан ауыр салмақтағы Антон Пинчук Сергей Новиканың осал тұсын тапты. Нәтижесінде арландар кезекті жеңісіне же­тіп, «С» тобында көш бас­тап тұр. Енді «Астана Арланстың» келесі кездесуі 18 наурыз күні Тараз қаласында өтеді. Олар ресейлік «Патриот Боксин Тим» командасымен күш сынасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button