SportБасты ақпаратЖаңалықтар

Әсет Исекешев «Футбол жолы – 2026» бағдарламасымен танысты

Астана әкімі Әсет Исекешев Қазақстан футбол федерациясының «Футбол жолы – 2026» бұқаралық спортты дамыту жөніндегі бағдарламасымен танысты.

0000

Астанада 300-ге жуық бала аулада аптасына бір­неше рет кәсіпқой бапкерлермен тегін жаттығады. Тұрғын үйлердің аула­ларындағы 13 футбол алаңында (соның ішінде «Лесозавод», «Көктал» және Герцен көшесі сияқты шалғай жатқан шағын аудандарда) футболдан ба­ла­ларға арналған тегін жат­тығулар тұрақты түрде өткізіледі.
– Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасымен 2026 жылға дейінгі футболды дамыту стратегиясы әзірленді. Бұл стратегияның бағыттарының бірі балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Аулада футбол ойнағандар спорт мектептеріне барады. Спорт мектептен, ауладан бас-тап бәріне де қолжетімді болуы керек. Астана қаласының әкімдігі бізді қолдап, бағдарлама жүзеге асырыла бастады, алдағы уақытта Қазақстанның барлық қалаларындағы аулалар қамтылады, – дейді ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов.
ҚФФ бапкерлерді іріктеп, еңбекақы төлеу бойынша барлық шығындарды көтереді, қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді. Жақында ғана Премьер-Лига мен Бірінші Лигада кәсіпқой клубтардың сапында өнер көрсетіп жүрген, Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларына тартылған жас бапкерлер ұл-қыздарға футболдың қыр-сырын үйретеді. Балаларға сыйлық ретінде футболкалар, доптар табысталады.
Жақын арада Қосшы, Жібек жолы және қаланың басқа да бөлігінде орналасқан үш футбол алаңында да футболдан тегін жаттығулар өткізілетін болады. Қазіргі кезде үш ауданда 287 спорт алаңы бар, соның ішінде 212-сі – футбол алаңы. Астана қаласының әкімі балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
– Болашақта аталған бағдарламамен аулаларды барынша қамту қажет. Қазіргі кезде аула аумақтарын абаттандырудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатыр, онда балалар және спорт алаңдары, тренажерлар және тағы басқа қарастырылған, – дейді қала басшысы Әсет Исекешев. Оның айтуынша, аулалық, отбасылық спортты дамыту елорда әкімдігі қызметінің басым бағыттарының бірі болмақ.

Төменде қала бойынша белгіленген аулалардағы футболдан тегін жаттығулар кестесі.

21212112

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button