Елорда тынысы

Ашық аспан астында жаттығады

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу бойынша барынша жағдай жасалған.

[smartslider3 slider=2646]

Күн сайын орталыққа 50-ден астам қарт адам келеді, олар спортзалда жаттығып, скандинавиялық серуендеу, хор, вокал, домбыра үйірмелерінде, фортепианода ойнау сияқты өз қалауы бойынша іс-шараларды іздейді. Қаланың барлық қарт тұрғындары үшін орталық есігі әрдайым ашық. Мұндағы барлық үйірмелер мен секциялар бойынша сабақ тегін өтеді.

Орталық нұсқаушысы Жанат Тұяқбаев қарттармен бірге тыныс алу жаттығуын жасап, бойды ширақ қалпында ұстауға көмектесіп жүр. Оның жаттығулары буындар икемділігін, жан тыныштығын және дененің күш-қуатын дамытуға мүмкіндік береді.

– Пандемия кезінде менде 60 жастан асқан шағын топ болды, біз тыныс алу жаттығуларын жасадық. Бірақ індетке байланысты көпке созыла қойған жоқ. Енді «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» осындай тәжірибелерді елорданың әр ауданында өткізуді ұсындым. «Цигун» деп аталатын жаңа әдіс 60 жастан асқан адамдар үшін өте қолайлы. Мұнда ең алдымен төмен және жоғары қан қысымы мәселесін шешуге, есте сақтау мен тыныс алуды бақылауға болады. Ең бастысы, біз таза ауада жұмыс істейміз. Қар еріп, күн жылына бастаған бойда көшеге шықтық, – дейді нұсқаушы.

 Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button