Жаңалықтар

Аспаздар шықты сайысқа

Нұр-Сұлтанда ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі басталды. Аспазшы күніне арналған іс-шараға Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 50 қатысушы жиналды.

Үздік маман атағы үшін кәсіби аспаздар мен колледж студенттері-аспазшылар бақ сынау­да. Биыл бағдарла­маға ұйым­дас­тырушылар мектеп оқу­шылары мен студенттерге арнап тамақ әзірлеу туралы тапсырманы енгізді. ASTAUfest-2019 гастрономия­лық фестивалі «Тағамтануды ұйымдастыру» мамандығын насихаттап, мәртебесін көтеруге, маман даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған. Жарыс соңында «Арт-класс», «Шеф-кондитер», «Студенческий обед», «Шеф-повар», «Сервис класс» аталымдары бойынша үздік мамандар сыйлыққа ие болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button