Жаңалықтар

АСТАНА ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қала басшысының өкімімен Бектұрова Малика Ерланқызы Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Малика Бектұрова – Кентукки университетін (АҚШ) «Саясаттану» мамандығы бойынша, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистрі.
2003 жылы Кореяның даму институтын «Индустриалдық саясат және сауда мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Гарвард университетін тә­мамдады. Екі магистр дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерінде еркін сөйлейді.
Еңбек жолын 2002 ж. ҚР Қаржы министрлігінің жетекші маманы болып бастады. Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жетекші маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде бөлім басшысы, басқарма басшысы және департамент директоры болып істеген.
2006 жылдан бері «Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button