Қоғам

КІШКЕНТАЙ СҰЛТАНДАР

Астана қаласындағы Райымбек атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 1 «а» сыныбындағы ер балалар арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы ұйымдастырылды.

Жеткіншектер арасындағы сайыс «Мен қазақтың ұлымын», «Бі­лімдар», «Өнерлінің өрісі кең», «Жігітке жеті өнер де аз» аталымдары бойынша өтті. Бұл сайысқа ата-аналар белсенділік танытқанын ерекше атап өткен жөн.
Өзара бәсекеге түскен балалар қарым-қабілетін жан-жақты бай­қатты. Көрігі қызған «Жігіт сұл­танында» бар өнерін ортаға сал­ған өрендердің ешқайсысы сый-сыя­патсыз қалған жоқ. Олардың қарымына қарай «Шымыр жігіт», «Салмақты жігіт», «Сері жігіт» сынды аттар қойылып, алғысхатпен марапатталды.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, оқушыларға шаттық сыйлап, осындай шараға мұрындық болған сынып жетекшісі Баян Оспанова болатын.
Сайыстың соңында қазылар алқасының төрайымы, мектептің оқу-тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Алма Төкенқызына сөз беріліп, оның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Гүлмира Жолтабарова,
ата-аналар комитетінің төрайымы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button