Басты ақпаратЖаңалықтарЭкономика

АСТАНА ҚАЗЫНАСЫНДА – ТРИЛЛИОН!

erm_3957

Тәуелсіздіктің ширек ғасыр тойы қарсаңында еліміздің бас ордасының қазы­насына алғаш рет 1 триллионнан астам теңге жиналды. Ақжолтай ақпаратты елордалық Мемлекеттік кірістер Департаменті жариялады.

Елорда қазынасына құйылған қыруар қаржы үлкен тыңғылықты атқарылған еңбектің жемісі. Ол жайында Астана қаласы бойынша Мем­лекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Алмат Иманғжоин: «Мемлекеттік кірістер департаментінің үш құрылымдық қызметтің (кеден, салық және экономикалық тергеу) үйлесімді жұмыстарының арқасында мүмкін болды» дейді ол.
Бүгінде Астанада әкімшілендіру, салық және кеден бағыттары бойынша жұмыс деңгейі өсіп, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мақсатты жүргізілуде. «ЭКСПО-2017» қарсаңында көлеңкелі айналымды қысқартуда аталған департаментпен бақылау мен алдын алу іс-шаралары ау­қымды деңгейде қолға алынған. Елорданың барлық аудандарында салықтық қызмет көрсету жаң­ғыртылуда, елімізде алғаш рет ашылған көлік-логистикалық орталығы, халыққа және бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызмет көрсетуде кедендік ресімдеу сапасын айтарлықтай жақсартып, мерзімін азайтты. Осындай атқарылған іргелі жұмыстардың нәтижесінде елордамыздың экономикалық және әлеуметтік қуаты еселене түсті.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button