Ел тынысы

Астанада бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті

Астанада бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың алғашқы халықаралық ашық турнирі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Beeline Arena» спорт кешенінде 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында 14 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Бірнеше дүркін Олимпиада чемпионын шығару үшін 15-16 жастағы жасөспірімдерге қазірден көңіл бөлу керек. Осы мақсат менің біраз уақыттан ойымда жүр еді. Міне, енді идеямның алғашқы қадамы жасалды. Бірінші рет өткізілген соң, біршама кемшіліктер болды. Турнирге тек Орталық Азия елдерінен ғана қатысты. Алдағы уақытта мемлекеттердің санын тағы да арттыруды көздеймін. Сондай-ақ, жүлде қорын да молайтуды қалаймын. Жасөспірімдер боксы болғанымен, қатысушылардың жеңіске деген жігері, техникасы ересектерден кем түспейді. Әсіресе, жеңіл салмақтағы боксшыларға қатты риза болдым», – деді Бақтияр Артаев.

5 күндік жарыс бойынша Астана қаласы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола иемденіп, жалпы есепте 5-орынға тұрақтады.

Бәсекені бастан-аяқ Қазақстанның жасөспірімдер ұлттық құрамасының тізігінін ұстайтын Мақсат Оспанов та бақылады:

«Жасөспірімдерге тағы да бір турнирдің қосылғаны қуантады. Себебі, олар үшін тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік. Халықаралық додаларда түрлі спортшылардың бағы жануы мүмкін. Тіпті Қазақстан чемпионы атанған боксшылардың 60-70%-ы осы бәсекеде 1-орын ала алмады. Бұл да өзге жасөспірімдеріміздің биіктен көруіне әсер етеді. Алдағы уақытта боксшыларымыз Азия чемпионатына дайындықтарын жалғастырады», — деді ол.

Турнир қорытындысында тек жүлдегерлер ғана емес, үздік бокс үлгісін көрсеткен және көрермен көзайымы номинациясы бойынша да спортшылар марапатталды.

Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен медаль берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button