Жаңалықтар

Астанада күн сайын 960 тоннадан астам қалдық шығарылады

Қала аумағынан күн сайын жиналатын қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) көлемі орта есеппен 969 тоннаны құрайды. Жалпы қалада 1993 контейнерлік алаңға 12 455 контейнер орналастырылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
qoqys

Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды мамандандырылған ұйымдар іске асырады.

Қала аумағы 24 телімге бөлінген. Қазіргі кезде елордада «Астана-Тазарту» ЖШС (23 телім) және «Таза Әлем-Астана» ЖШС (1 телім) ҚТҚ жинаумен және тасымалдаумен айналысады. Сонымен қатар, 90-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

ҚТҚ шығару құны тұрғындар үшін:

– жайлы секторда бір тұрғыннан айына 259,2 теңге;

– жеке секторда бір тұрғыннан айына 276 теңгені құрайды

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button