Ел тынысы

Астанада «Наурызнама: ұлттық спорт күні» іс-шарасы өтеді

20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында елордадағы «Арғымақ» ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары жоспарланған.   Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.   Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырды.

Мекен-жайы: «Арғымақ» ат-спорт кешені, Астана қ., Рождественская тас жолы, 3.

Уақыты: 20 наурыз (сәрсенбі), сағат 10.00-де. Дресс-код: ұлттық киім Кіру тегін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button