Елорда тынысы

Астанада су тасқынына дайындық қалай?

Қыстың бітуіне бір ай қалды. Астанада көктем кеш келеді десек те, су тасқынына дайындық өз уақытында жүргізілуі керек.  Осы орайда елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су тасқынына қарсы іс-шаралар қалай жүргізіліп жатқаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 15,5 мың текше метрге жуық арық-науа желісі, 600-ге жуық бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы тазартылды, 160 текше метр коллекторлар және т.б. жуылды. Коммуналдық қызметтер шамамен 4,3 млн текше метр қар шығарды. Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 20-ға дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындыққа келтірілді, – деді ол.

Осыған орай су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде қарды уақытылы күреуді бақылауға алуды, су өткізгіш құбырларды тазалауды, нөсер кәрізінің жүйесін салуға ерекше назар аударуды тапсырғанын жеткізді.

     

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button