Мәдениет

Өнерпаздар доп тепті

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония қызметкерлері арасында жыл сайынғы дәстүр бойынша футболдан «FILARMONIA CUP-2024» жарысы өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов пен Астана қаласы Футбол федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Давид Лория командаларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде «Alem» заманауи би балеті «FILARMONIA CUP – 2024» кубогін иеленді. Екінші орынды қазақ оркестрі алды. Ал сахна қыз­меткерлерінен құралған команда жүлделі үшінші орынға шықты. Жарысқа қатысқан басқа да командалар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button