Басты ақпаратЖаңалықтар

АСТАНАДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 90 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ШЫҚТЫ

erm_1642

Бүгін елордада күзгі экологиялық айлық аясында «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр. Дәстүрлі шараға 90 мыңға жуық адам қатысуда. Жалпы бүгін қалада 10 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған.

Сенбілікке шыққан астаналықтар Алматы ауданында ҚР Ұлттық музейі аумағына, Есіл ауданында «Ханшатыр» СОО айналасына және Еңбекшілер көшесінен «Тельман» тұрғын алабына дейін, сондай-ақ, Сарыарқа ауданында Сарыбұлақ өзенінің жағалауына ағаш екті.

Қала игілігі үшін жұмылдырылған ортақ іске 89 мыңнан астам адам, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың 4 мыңға жуық қызметкері, 45 жоғары және орта арнайы оқу орны, 133 мектепке дейінгі және білім беру мекемесі қатысты. Оған қоса, 430 арнайы техника тартылды.

– Елорданы көгалдандыру, барлық аудандарда және шағын аудандарда гүлбақтар мен саябақтар санын арттыру – басты міндеттеріміздің бірі. Астанада дәстүр бойынша жыл сайын 20 мыңнан артық көшет отырғызылады. Биыл Ботаникалық бақтың салынатынын ескерсек, бұл көрсеткіш екі есеге ұлғаяды. Осының барлығы халықтың күшімен және қолдауымен жасалып жатыр. Сенбіліктер тазалыққа тәрбиелейді. Осылайша, біз қаламызға деген сүйіспеншілігімізді жеткізіп, патриоттық танытамыз, – деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Есіл ауданында алдын ала белгіленген сегіз аймақта 120 техника, соның ішінде 90 жүк автокөлігі, 30 шақты тиеуіш көлік жұмылдырылды. Ал «Ханшатыр» аумағында 330 түп жас тал егілмек. Ауданда 2 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Алматы ауданын жеті аймақта ағаш отырғызылып жатыр. Оның ішінде ең үлкен аймақ – жаңа Триатлон паркі. Онда 2 мыңнан астам түп ағаш егілуде. Жалпы ауданда 5 мыңнан астам ағаш отырғызылады.

Ал Сарыарқа ауданында Сарыбұлақ өзенінің бойында 400 түп ағаш егілді. Бұл аудан бойынша 2 мыңнан астам ағаш отырғызылып жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button