Жаңалықтар

ЕҢБЕК ЖЕМІСІ – ҚҰРМЕТ

dsc_1136

Астанада Еңбек күніне орай қалалық еңбек форумы өтті. Жас­тар театрында ұйымдастырылған шара барысында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары – үздік еңбек әулеттері, жас мамандар мен тәлімгерлер марапатталды.

Еңбеккерлердің мерекесіне арналған шараны ашқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин жиналған қауымды елорда басшысының атынан құттықтады.
– Мемлекеттің басты құндылығы болып табылатын еңбек адамының беделін көтеру үшін Мемлекет басшысының жарлығымен Еңбек күні бекітілді. Бұл мереке үш жылдан бері тойланып келеді. Баршаңызды осы мерекемен құттықтап, денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін, әрқашан да елордамыздың дамуы мен гүлденуі үшін еңбек етейік, – деді Андрей Лукин.
Елорда әкімінің орынбасары «Еңбек жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясындағы жеңімпаздарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
– Өмірде бір мамандықты кәсіп еткен
отбасылар болады, олардың бәрі де адал еңбек етеді. Мұндай әулеттер Астанада өте көп. Бұл конкурсты өткізу дәстүрге айналып, сахнаға шығатын адамдар саны арта түседі деп ойлаймын, – деді Андрей Лукин.

dsc_1182

Аталған номинацияда Мұқашевтар әулеті үшінші, Ивановтар екінші, Буяковтар бірінші орын алды. Бұл санат бойынша жеңімпаздар бір салада 81 жылдан бері еңбек етіп келеді.
– Әкімдікке және басшылығымызға алғыс айтамыз. Біз де, балаларымыз да «Астана су арнасы» кәсіпорнында жұмыс істейміз. Осындай мереке елімізге қажет деп ойлаймын. Осылайша, адамдар еңбек әулеттері туралы көп білетін болады, жастар да жұмысшы мамандықтарды таңдайды, – дейді Наталья Буякова.
Сонымен қатар, форум барысында жас мамандарға да құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, «STONE HOUSE» ЖШС маманы Ержан Сейітқожанов, «Астана су арнасы» МКК кәріз тазарту құрылыстары учаскесінің слесарі Медет Қабыкенов және «Тұлпар-Тальго» ЖШС шебері Қуаныш Мұқышев марапатталды.
Жастардың тәлімгерлері де назардын тыс қалған жоқ. №5 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкері Әлфия Есмұ­ханова, Қазақ гуманитарлық заң университетінің аға оқытушысы Назгүл Болатбекова және бірінші орын алған «Астана-РЭК» АҚ жедел шақыру қызметінің 1-санаттағы технигі Қайрат Бекмағанбетов те марапаттарға ие болды. Ол бірінші дәрежелі мамандарды дайындайды. «Электроэнергетика – қауіпті өндіріс, үлкен жауапкершілік жүктеледі, сон­дықтан жаңадан келгендерді оқытуда қауіпсіздікке баса назар аударамын» дейді маман.
Сондай-ақ, жеңімпаздар туралы бейнероликтер көрсетіліп, музыкалық композициялар орындалды. Форумда Кәсіподақ ұйымдары мен Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы да марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button