Ел тынысы

Ұлттық нейрохирургия орталығында 745 күрделі ота тегін жасалды.

Астаналық нейрохируртар 52 жастағы пациенттің басындағы көлемді менингиома ісігін алып тастады. Жыл басынан бері Ұлттық нейрохирургия орталығында МӘМС бойынша 745 күрделі ота жасалды. Жуырда МӘМС жүйесі аясында тағы бір ота сәтті өтті. Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің  нейрохирургтары пациенттің  бас сүйегіне қарай өскен өте үлкен көлемдегі ми қабығы менингиомасы ісігін алып тастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ісіктің үлкен болғаны соншалық, 52 жастағы ер адамның басының сол жақ маңдай-төбе  аймағында үлкен томпақ түйін пайда болған. Науқасты  үнемі бас ауруы, бас айналу, қан қысымының жоғарылауы, аяқтарының сезімталдығының төмендеуі, құлақтың шуылы және әлсіздік мазалады. Ісік мөлшері 85*60*55 мм-ге дейін өскен. Орталықтың Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиевтің айтуынша, МРТ-ға түсіргеннен кейін менингиома анықтап, ер азаматты ҰНО-ға жедел емделуге жіберген. Пациентке нейронавигация мен аппараттық реинфузияны қолдана отырып, сол жақта өскен интракраниальды сол жақ маңдай-төбе  аймағы менингиомасын микрохирургиялық тәсілмен алып тастады. Ота 5 сағатқа созылып, ісік толығымен алынды.

Мұндай хирургиялық араласулар кезінде тек заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтары бар жоғары мамандандырылған орталықтарда мықты мамандардың арқасында оң нәтижеге қол жеткізуге болады. «Отаны маған МӘМС аясында квота бойынша тегін жасады. Ісікті алып тастағаннан кейін қан қысымым қалыпқа келді, денсаулық жағдайым жақсарды, көп ұзамай қажеттіліктерімді өзім жасай алатын қалпыма  қайта ораламын», – деп қуанышымен бөлісті  52 жастағы пациент.   Айта кету керек, жыл басынан бері Ұлттық нейрохирургия орталығында  МӘМС бойынша 745 күрделі ота жасалды.   Егер қандайда бір сұрақтар туындаса, емделушілер Медициналық сақтандыру қорына төменде көрсетілген кері байланыстың ресми арналары арқылы жүгіне алады:  Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы @saqtandyrybot телеграмботы 1414 байланыс орталығы Қордың fms.kz сайты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button