Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Астана қаласындағы Ә.Мәмбетов көшесіндегі 5-үйдің сыртқы қабыр­ғасы Ә.Қастеев атын­дағы музейден жинал­ған қазақстандық классик­тердің туындыларымен толықты. Қазір бұл үй ашық аспан астындағы галереяға ұқсайды.

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауынан «Алтын адам» табылды. Бұл Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші бағалы жәдігер болып отыр.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе өңіріндегі Есет батыр кесенесіне апаратын жол жөнделді. Қазақстанның киелі картасына енген Есет батыр кесенесі Алға ауданының Бестамақ ауылында ор­наласқан. Мұнда жыл са­йын жүздеген адам келіп, зиярат етеді.

Атырау облысы

Атырауда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры­ның «Әрекет» жобасы аясында ҮЕҰ өкілдерін әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасы аяқ­­талды. Нәтижесінде об­лыстағы 16 ұйым 500 мың теңгеден грант ұтып алды. Енді жеңімпаздар 9 ай бойы өз жобаларын іске асырады.

Қызылорда облысы

Қызылордада «Қазақ­станның үздік тауары» байқауының жеңім­паз­дары анықталды. Жеңім­паздар алдағы қазан айында Астанада өтетін республикалық көрме-байқауға қатысады.

Павлодар облысы

Ертіс ауданында осымен үшінші жыл қатарынан «Ұлы дала» этнофестивалі өтті. Шараға Қытай, Моң­ғолия, Тәжікстан, Өзбек­стан және Ресей сияқты алыс-жақын шетелдерден делегация келді.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында көркем гимнастикадан ІІ халықаралық «Шағала» турнирі өтті. Жарысқа Өзбекстан, Грузия, Израиль елдерінен 6-15 жас ара­лығындағы гимнастшылар бақ сынады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button