Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Алдағы жылы елор­да­ның 6 орталық көшесіне автобустарға арналған жолақ салынады. Bus Lane жолағы Достық, Д.Қонаев, Түркістан, Ақмешіт көше­лерінде, сондай-ақ, Сарыарқа даңғылынан К.Күмісбеков көшесіне дейінгі аралықтағы Кене­сары және Абай көше­лерінде пайда болады.

Алматы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі бөлінген оқу гранттарының саны бойынша көшбасшы атанды. Биыл оқу орнын 6,6 мыңнан астам үздік түлек таңдаған.

Шығыс Қазақстан облысы

Семейде 2019 жылдан бастап автобустар электронды билетке көшеді. Қала басшылығы қоғамдық көліктер арасында тендер өткізіп, 170 жаңа автобус сатып алуды жоспарлаған.

Қарағанды облысы

Қарағандыда хайуанаттар бағының ескі ғимараты орнына жаңа нысан салынып жатыр. Павильондар климаттық қондырғылармен жаб­дық­талып, жануарларды қыс мезгілінде ұстауға қолайлы болмақ.

Атырау облысы

Атырау мектептерінде 300-ден аса мұғалім жетіспейді. Соңғы кездері білім ордаларында орыс тілді сыныптарға сұраныс арта түскен.

Түркістан облысы

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағ­дарламасы бойынша 55 гектар жер те­ліміне инженерлік-ком­муникациялық ин­фра­құрылым жүргізілді. Атал­ған жер телімдері кезекте тұрған 326 тұрғынға беріледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысына қа­расты Әйтеке би ауда­ны­ның Қарабұтақ ауылында «Әкелер саябағы» ашылды. Өзі туып-өс­кен ауылға саябақты «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының «Туған жерге тағзым» жобасы аясында кәсіпкер Қайрат Қойлыбаев тарту етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button