Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана
Астанаға 36 вагон көмір жет­кізілді. Оның 15 вагоны – Шұ­баркөл, 13 вагоны – Қаражар, ал қалғаны – Майкөбе көмірі. Бүгінде елордада көмірдің жалпы қоры – 10972,58 тонна.

Алматы облысы
Райымбек ауданына Гол­­ландиядан әкелінген «Сантэ» және «Агрия» картоп тұқымдарының әр гектарынан 300-500 центнерге дейін өнім жинап жатыр.

Маңғыстау облысы
Ақтауда алғаш рет әуежайдан қалаға дейінгі бағытта электробустар жолға шықты. Жолаушылар тасымалдауға арналған, қоршаған ортаға зиянсыз көлік электронды билет беру жүйесімен де жабдықталған. Жолаушылар енді жолақыны ыңғайлы тарифтер арқылы банктік және көліктік карталармен төлей алады.

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданында био­этанол, крахмал және же­лімтік өндіретін зауыт iске қосылды. Жалпы елiмiз үшін стратегиялық маңызға ие
«Bio operations» өндiрiс оша­ғының инвестиция көлемi – 11 миллиард теңге. Кәсiпорын жылына 300 мың тонна бидай өңдеуге қауқарлы.

Батыс Қазақстан облысы
Оралда елорданың 20 жылдығына орай «Арман қала – Астана!» атты әуесқой композиторлардың облыстық ән байқауы өтті. Мәдениет қайраткері, көптеген туындының авторы, оралдық Әділбек Сүлейменов бас жүлдені жеңіп алды.

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі «Shakarim Press» ұйымының мүшелері «Мейірімді жүрек» шарасын өткізді. Шара барысында олар тағдыр тәлкегіне түскен адамдарға қайырымдылық жасап, күйсіз жүрген жандарға нан таратты.

Қызылорда облысы
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында Арал ауданы әкімдігі қалалық сапаржай алдындағы 2000 шаршы болатын аллеяға жаңғырту жұмыстарын жүргізіп берді.

Ақтөбе облысы
Ақтөбеде көше саудасын дамыту бойынша жаңа жоба қолға алынды. Енді осы жобаның арқасында жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін ешбір делдалсыз сата алады. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектер бар. Сауда орындары 7 жылға дейін жалға беріледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button