ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Аттестаттау алдында

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Қайрат Жаңабергеновтың төрағалығымен өткен жиында Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бiрi – жемқорлықпен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi кеңiнен талқыланды.

Басқосуға Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары Оңалсын Жұмабеков пен Рахмет Мұқашев қатысты.  Халық қалаулылары құқық қорғау саласының мамандарын жаппай кезектен тыс аттестаттаудан өткiзу ережелерi мен саладағы кадр сапасына тоқталды. Олардың айтуынша, соңғы кездерi  «погон» таққандардың арасында орын алған келеңсiз оқиғалардың көбеюi –мемлекеттiң беделiне нұқсан келтiруде. Олқылықтың алдын алу үшiн бiлiктi қызметкерлердi iрiктеу аттестаттауарқылы жүзеге аспақ.
Кездесуге келген қалалық және аудандық судьялар, кеден, прокуратура, қаржы полициясы, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi елiмiзде қабылданған заңдар туралы және аттестаттауға қатысты туындаған сауалдарына жауап алды.

СҮБЕЛІ СӨЗ

Оңалсын Жұмабеков,
ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты:

– Ең басты назар аударатын мәселе – тұрғындар өмiрiнiң қауiпсiздiгi. Ол қауiпсiздiктi құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қамтамасыз етуi тиiс. Сондықтан, құқық қорғау органдарының жеке құрамын жаңарту – уақыт талабынан туындады. Халықтың сенiмiнен шығу үшiн, органға бiлiктi де бiлiмдi, тәжiрибелi адал мамандарды сұрыптау қажет.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button