Жаңалықтар

Әуежай айыппұл төлейді

Астана халықаралық әуежайы жолаушы­лардың такси қызметіне қолжетімділігін шектегені үшін 16 миллион теңге төлейтін болады.

Стоянка такси у аэропорта Астаны

Астана қаласының маман­дандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментіне «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты шығарылған 2016 жылғы 30 наурыздағы нұсқаманы заңсыз деп тану және жою туралы өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды.
Бәсекелестікті қорғау са­ласындағы заңнамасының бұзылуына департамент жүр­гізген тергеп-тексерулер нәтижесінде «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның әрекеттерінде такси қызметін көрсету үшін Әуежайдың вокзал алды алаңына өтуді шектеуде көрінген монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бекітілді. Әкімшілік іс қозғалып, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларының бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды.
Астана қаласының маман­дандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қау­лы­сымен «Астана халық­аралық әуежайы» АҚ-ға мо­нополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің 5 пайызы – 16 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button