Шаһар шежіресі
Аулалар: кеше және бүгін
Бұл сурет 1970 жылдардың басындағы Целиноград қаласы аулаларының бірінде түсірілген.
[smartslider3 slider=3768]
Топ қыздардың ортасында – мандолин ұстаған бала. Бұл өнерлі өрен болса керек. Айналасындағы достары оны ұйып тыңдай қалыпты. Бүлдіршін де ән айтуға икемделіп, музыкалық аспабын күйге келтіруде.
[smartslider3 slider=3770]
Бүгінде заман басқа. Тұрғын үйлердің аулаларында балалардың асыр салып ойнауына мол мүмкіндіктер бар. Қазір қала әкімдіктері аулаларды талапқа сай жарақтап, барлық жағдайды жасап беруде.