Мәдениет

«Азия жаңғырығы»

Елордада бес күн бойы дүрілдеп, цирк өнері әлеміндегі айтулы шаралардың біріне айналған ХІ «Азия жаңғырығы» фестивалі аяқталды. Бұл – Орталық Азиядағы осындай жалғыз байқау. Астананың 20 жылдығына арналған шарада елорданың цирк манежінде 13 мемлекеттен 60-тан астам әртіс өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен қонақтары Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Украина, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия өкілдерінің өнерін тамашалады.

Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегідей болды: бас жүлде – «Цирк өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін» марапаты Астана циркінің «Барыс» атты-акробатикалық ансамблі (жетекшісі Шыңғыс Орманбетов).
«Орындау шеберлігі мен кәсіпқойлығы үшін» аталымындағы бірінші орын – «Бос сым» нөмірі NGUYEN YHI THU HIEN (Вьетнам);
«Қарсы әткеншек» нөмірі – жетекшісі Кирилл Столбовских (Қазақстан, Астана); «Семафор» нөмірі – Ұлықбек Медешов, Нұрсұлтан Қанаев, Ибрагим Әлиев (Қазақстан, Шымкент).
Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығы – «Зебра» нөмірі (жетекшісі Вячеслав Новичихин Ресей).

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button