Елорда тынысы

Балалар денсаулығын тексереді

Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді ­ауруханада 21 мамырда балалардың денсаулығын нығайту мақсатында бірнеше акция өтеді. Шара барысында алдымен қыздарға арналған медициналық тексеру жоспарланып отыр.

[smartslider3 slider=3031]

Қабылдауды жоғары білікті гинеколог-дәрігерлер жүргізеді. Медициналық тексеруге 18 жасқа дейінгі қыздар қатыса алады. Сондай-ақ аурухананың дерматология­лық блогында тері аурулары бар балаларға, жалпы тері ауруларын анықтауға қатыс­ты медициналық тексеру жүргізіледі. Аталмыш акция Балалар жылына арнап өткізіліп отыр. Қала тұрғындары қосымша ақпаратты мына нөмірге хабарласып біле алады: 8-702-233-76-26.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button