Жаңалықтар

Балаларды кинотеатрға апарды

Астанадағы «Сарыарқа» кинотеатрында қала әкімдігі мен «Kinopark Theatres» кинотеатр желісі бірлесіп, «SOS балалар ауылы» мен «Бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне «Құбыжықтар демалыста 3» мультфильмін көруіне жағдай жасады.

Игі шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асырылды. Оған жоғарыда аталған мекемелерден бас-аяғы 176 бала қатысты. Көрсетілім басында ұйым­дас­тырушылар мәдени-ойын-сауық іс-шаралар мен жарыстар өткізді. Ал сусындар мен попкорн балаларға тегін таратылды.
Мұндай игілігі мол іс-шараның басты мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилердің болашаққа, бүгінгі өмірге деген құлшынысын арттыруға септігін тигізу. Бұдан бөлек, Астана әкімдігі осы істің дәстүрлі түрде жалғасуы үшін аталған кинотеатрлар желісімен келіссөздер орнатпақ ниетте.
Қазақ – ертеден жетімін жылат­паған халық. Елімізде ондаған мың сәби ата-анасының қамқорлығынан айырылып, тағдырдың тауқыметіне ерте араласты. Оларға қолдау көрсету билік тарапынан басталып, қарапайым халық тарапынан жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болмақ.

Аян ӘБДУӘЛИ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button