ЖаңалықтарМәслихат

БАСҚАРУ ТӘСІМІ ЖАҢА БАСҚАРМАЛАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

ZAH_0990

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясына Астана әкімінің орынбасарлары, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алған қала әкімі аппа­ратының мемлекеттік-құқық бөлі­мінің басшысы Дәулет Досқұлов қалалық мәслихаттың «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» 2013 жылғы 27 маусымдағы шешіміне өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Осыған орай баяндамашы жиналғандарға жаңадан үш басқарманың құрылатынын жеткізді.

– Біз алдағы уақытта мемле­кет­тік мекемелер қатарын жаңа бөлім­шелермен толықтыр­мақ­шымыз. Осылайша, Астанада Мем­лекеттік сәулет-құрылыс бақы­лау басқармасын, Жерді пайдалану мен сақтауды бақылау жөніндегі басқарманы, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу басқармасын құру жос­парланып отыр, – деді Д.Досқұлов. – Осы кесте бекітілгеннен кейін Астана әкімдігінің шешімімен бұл құрылымдар әділет органдарында тіркеледі.

Бұл мәселені мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады.

Одан соң жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қаражатты қайта бөлу мәселесі қарастырылып, қала әкімдігінің жанындағы Астана қаласының азық-түлік өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жө­ніндегі комиссияның, сондай-ақ Астана қаласының агроөнеркәсіптік кешені субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы өзгертілді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button