Жаңалықтар

Бастауыш ұйым «Бастау»

Қалалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Бастау» атты бастауыш партия ұйымы құрылып,  оның қатарына 24 адам мүшелікке қабылданды. 

Ұйымның алғашқы отырысына «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Шунгульшин қатысып, сөз сөйледі.

Үстіміздегі жыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын айта келе, Мұрат Қожах­метұлы Қазақстанның алдағы дамуын айқындайтын Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыратындардың бірі – осы «Нұр Отан» партиясы екенін және күні кеше ғана елімізде өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы барысында жетекші партия 84 пайыз дауыспен жеңіске жеткенін атап өтті.

Жиын барысында Тұрғын үй инспекциясы басқармасының негізгі міндеттеріне тоқталған басқарма басшысы Әлихан Қуатбеков «Нұр Отанға» сенім білдірушілер қата­ры күн санап артып келе жат­қанын жеткізді.

Одан әрі бастауыш партия ұйы­мы­ның төрағасы мен бюро мүшелері сайланды. Ұйымның төрағасы етіп, бастауыш ұйымның мүшелері бір­ауыз­дан аталмыш басқарманың басшысы Әлихан Қуатбековты және бюро мүше­лігіне белсенді үш адамды сайлады.

Жиын соңында «Нұр Отан» пар­тиясының жаңа мүшелеріне партия билеттері тапсырылды. Бастауыш партия ұйымының төрағасы болса, жастардың болашағына сенім білдіріп, олардың алда атқарар жұмыстарына тек сәттілік тіледі.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button