Шаһар шежіресі

Батыр туралы баян

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №3 балалар кітапханасында Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерей­тойы аясында «Батыр Баян» поэмасына 100 жыл толуына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әйгілі манасшы Баянғали Әлімжановпен кездесу өтті.

Тағылымы мол танымдық кездесуге Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, филология ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Тұрысбеков, елорда билер алқасының төрағасы Әнуарбек Ералы қатысты.

«Батыр Баян» поэмасын домбыраға салып жырлаған Баянғали Әлімжанов оқырман жастардың айрықша ықыласына бөленді. Поэманың ұлттық құндылығын, рухын жастарға жеткізе білді. Бұл поэма бірінші рет жырланып отыр. Кеш барысында қонақтар алған әсері туралы зор ықыласпен бөлісті. Оның жарыққа шығу тарихын Баян­ғали Әлімжанов мазмұнды айтып берді.

«Батыр Баян» – Мағжан поэзиясының биігі, қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған шығарма. Ақын мұнда ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Тәуелсіздігіміздің жарқын болашағы үшін кү­рескен бабаларымыз­дың рухына тағзым ретінде Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледждің жастары өлең оқыды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button