Шаһар шежіресі

Гастрольмен келді

Қарағандының Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры гастрольдік сапармен Целиноградқа талай рет келіп, көрерменді сәтті спектакльдерімен сүйсіндірген еді.

Құрамында 60-қа тарта адамы бар қазақ театры 1973 жылы 2-11 маусым аралығында Целиноград қаласында өнер көрсетті. Театр өнерпаздарының арасында «Құлагер», «Көксерек» фильмдерінде басты рөлдерде ойнаған Қарғаш Сатаев та болды. Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі М.Хасеновтің «Арыстанның сыбағасы» спектакліндегі зоопарк директоры Білеубай еді (Қарғаш Сатаев – жазушы-архивист Амантай Сатаев­тың інісі, режиссер Ақан Сатаевтың әкесі, жары Әсия Абылаева – Қазақстанның халық әртісі).

Суретте Қарғаш (Қарғамбай) Сатаев пен Мәди Хасенов.

Ғазиза Исахан

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button