Жаңалықтар

БЕЙБЕРЕКЕТ САУДАҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

111kazah-bazar

Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде қаладағы абаттандыру жұмыстары мен сауданы ұйымдастыру мәселелері талқыланды деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Елорда мэрі бейберекет сау­да қала тұрғындарының нара­зы­лығын тудырып жүрген мәселе­лердің бірі екендігіне тоқтал­ды. Атап айт­қанда, мұндай келең­сіздік «Артем» сау­да орта­лы­ғы­ның маңында көп­теп кезде­седі. Бұл жердегі сауда нүк­телерінің иелері адамдарды ар­зан бағамен қызықтырып, олар­дың қауіпсіздігі мен санитарлық жағ­дайларды сақтай бермейді.

– Бұған жол беруге болмайды. Мұндай дүңгіршектер қаланың барлық аудандарында кездеседі. Осыған жауапты құрылымдардың бас­шыларына ескертемін. Бұл жұмыс кешенді әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, ешкімнің өз міндетін өзгеге жүктеуге қақысы жоқ. Мен бұл жағдайды өз бақылауыма аламын, – деп атап өтті әкім.

Әкім өзінің орынбасары Нұрәлі Әлиевке тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұрыш-бұрыштағы бейберекет сауданы жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Талқыланған тағы бір мәселе – құ­рылыс нысандарының ахуалы. Әкім құрылыс алаңдары қор­шауларының ластығын, майыс­қан, сынған жер­лерінің көптігін айтып, жыртылған баннерлер, тіпті кей жерлерде олар­дың ор­нының бос тұруы көшенің сиқын кетіретіндігін тілге тиек етті.

 – Құрылыс алаңдары қауіпті нысан болып табылады, сондықтан, жұмыс басталмай тұрып қоршалуы тиіс. Қоршаулардың сыртқы көрінісіне, материалына және құрылысына қойылатын белгілі талаптар бар. Мем­лекеттік сәулет-құрылыс бақылау бас­қармасына екі апта ішінде барлық құрылыс нысандары қоршауларын қалпына келтіріп, брендтеуін тапсырамын, – деді елорда басшысы.

Жиын барысында қала басшысы елордада басталған экологиялық айлық туралы еске салып, жалпы қалалық сенбілікке шаһар тұр­ғын­дарының барлығы қатысуы керек екенін атап өтті. Бұл ретте сайлау учаскелеріне, тұрғын алаптарына, қала маңындағы аймақтарға және базарларға  жақын  аумақтарды  тазалау мен абаттандыруға ерекше көңіл бөлу керек екені баса айтылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button