Қала мен Сала

Бес минутта «өрт» сөндірді

Құтқарушылар күніне орай «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен Сарыарқа ауданы әкімдігінің ғимаратында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті.

Дабыл дыбысын естіген бойда аталмыш аудан әкім­дігінің қызметкерлері мен кеңселері, осы ғимаратта орналасқан бірнеше ұйымның мамандары – барлығы 100-ден аса адам 2 минуттың ішінде сыртқа шығарылды.
– Бізге шақырту түскен соң киінуге, дайындалуға 1 минут қана уақыт беріледі. Ал оқиға орнына 5 минутта жеттік. Ғимараттың екінші қабатындағы 70 шаршы метр болатын мәжіліс залында сымның қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан «өрт» дер кезінде сөндірілді. Көлік жүргізушісін қосқанда барлығы 14 маман мен 3 техника жұмылдырылды, – дейді Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары бойынша 5-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Нұрзат Бөрібаев.
Шара соңында «Астана жастары» КММ басшысы Үкібай Нұрпейісов құтқарушыларды арнайы алғыс хатпен марапаттап, еңбектеріне жеміс тіледі. «Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз – осы мекемеде еңбек ететін барлық адамдарды түрлі оқыс жағдайларға дайын болуға шақыру, олардың қауіпсіздігін сақтау» дейді аталмыш мекеменің ұйымдас­тыру бөлім басшысы Аян Ерментаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button