Жаңалықтар

БЕС ОҚУШЫҒА – БЕС МЫҢ ЕУРО

Астанадағы Оқушылар сарайында елордадағы мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардан шыққан бес дарынды оқушыға 5 мың еуро көлемінде грант табыс етілді. Игілікті шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 ізгі іс» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

kbb_7893

– Қазақстанға жиі келіп тұрамын. Маған осы елдің тарихы мен бай дәстүрі, қонақжайлылық қасиеті ұнайды. Адамдары да бауырмал. Жас жеткіншектердің өзі де шетінен талантты, өнерлі келеді. Халықаралық олимпидаларда олжа салып жүрген оқушылар бар екенін де білемін. Бүгінгі грантқа ие болып отырған балалардың да келешегі зор. Олардан көп үміт күтемін. Сондықтан, барлықтарыңызға бақыт тілеймін, – деді Қазақстанның Баден-Вюртемберг жеріндегі құрметті консулы, Германия іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі Доротея Халлер-Лайбле.

Өз кезегінде грантқа ие болған оқушылардың ұстаздары мен ата-аналары да қайырымдылық іс жасап отырған Доротея Халлер-Лайблеге алғыстарын білдірді.

Реті келгенде айта кетейік, өткен жылы Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов екі елдің арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін Доротея Халлер-Лайблені Нәзір Төреқұлов атындағы медальмен марапаттаған.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button