Сайлау - 2021

Бос орындар жәрмеңкесі

«ADAL» партиясының өкілдері елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге қатысқан 20 жұмыс беруші 50-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұл – саяси ұйымның үгіт-насихат науқаны басталғалы ұйымдастырған үшінші іс-шарасы.

Жұмыссыздардың санын азайту – адалдықтардың сайлауалды бағдарламасындағы ең өзекті тармақтарының бірі. Олар 10 желтоқсаннан бері Алматы мен Шымкенттегі жұмыссыздардың мәселесін шешуге атсалысқан.
Енді, міне, сондай жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласында жалғасын тапты. Бір күндік жәрмеңкеге 20-ға жуық кәсіпорын қатысты. Жұмыс іздеген 70-тен аса азаматтар түйіндемелерін қалдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елордада механизаторларға, құрылысшыларға, сондай-ақ менеджерлерге сұраныс көп.
«ADAL» партиясының мүшесі Серікбол Әбжанов адалдықтардың қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді жү­йелі түрде шешуге күш-жігерін аямай жұмсап жатқанын айтады. «Жұмыс іздеген адамдарға 15 компания өз ұсыныстарын көрсеті. Біз бұл жәрмеңкеге барынша көбірек адам тартуға тырыстық. Қазір әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдаландық. Соның нәтижесінде адамдар көп жиналды. Мысалы, 1 сағаттың ішінде 30 шақты адам келіп тү­йіндемелерін көрсетті. Олар жұмыс берушілермен ашық сұхбаттасып, қарым-қатынас орнатты. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жәрмеңкеде барлық санитарлық талаптар сақталды» деді ол.
«ADAL» партиясының жақтастары қоғамдағы әлеу­меттік мәселелерді шешу үшін барынша күш салуға бекінгені аңғарылады. Бір қуанарлығы, жұмыссыз азаматтар партияның ресми сайты арқылы да өзінің өтінішін жібере алады. Атап айтсақ, партияның сайлауалды бағдарламасында халыққа жұмыс іздеуге, жұмыссыз ретінде тіркелуге, жұмысқа орналасуға немесе әңгімелесу кезеңдерінде көмек көрсетілетіні айтылғаны мәлім.
Серікбол Әбжанов жұмыссыз жүрген жандардан келіп түскен өтініштер елеу­сіз қалмайтынын айтады. «Партияның өкілдері сайтымызға келіп түскен барлық шағымдарды өзінің бақылауына алады. Әрбір жұмыс іздеген адамға қай жерде жаңа жұмыс орны бар, сол жерден ақпарат алып, көмек қолын созуға дайын» деді ол партияның негізгі бағыт-бағдарын түсіндіріп.
«ADAL» партиясы өкілдерінің мектеп оқушыларына арналған тесті дайындағаны да белгілі. Сауалнама сұрақтарына жауап берген әр бала өзіне ұнайтын мамандықты таңдап, білікті маман болуға ертерек дайындалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button