Сайлау - 2021

«Aqjol» сайлауға 10 мың байқаушы дайындайды

Aqjol партиясының мүшелері байқаушыларды даярлауға қатысты пікір алмасты. Бейпартиялық сайлауды байқау орталығының мүшелері елордада Aqjol партиясының мүшелерімен кездесті.

Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі, Қазақстан азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева Aqjol партиясының мүшелерімен пікір алмасу маңызды екенін атап айтты. «Жақында сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылды. Негізі, әлем елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, қоғамдық ұйымдар сайлау науқанында байқаушылық іс-шараларына қатысатын болса, бұл – өз кезегінде мемлекеттің демократиялық жолдағы дамуының көрсеткіші. Бір аптада еліміздегі партиялардың өкілдерімен кездесу өткізіп жатырмыз. Бізде партиялық емес байқаушылар қызмет етеді. Ал сіздерде партиялық байқаушылар мен сенімді өкілдеріңіз бар. Бірақ негізгі мақсат бір – ол сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне жағдай жасау. Осы орайда байқаушылар өздерінің елеулі үлесін қосатын болады» деді Бану Нұрғазиева.
Өз кезегінде Aqjol партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев партия 10 мыңға жуық байқаушыны дайындауды жоспарлап отырғанын атап өтті.
«Олардың қатарында сенімді өкілдер де, байқаушылар да қамтылады. Дегенмен 20 мың адамды да­йындау мақсатын белгілеп отырмыз, яғни барлық учаскелерді қамтуды жоспарға енгіздік. Себебі бір адамға күні бойы сайлау учаскесінде болу қиын болатыны түсінікті» деді Е.Барлыбаев.
«Алда өте маңызды сайлау өтеді. Оны барынша ашық әрі әділ өткізу керек. Халық сайлаудың әділ, дұрыс өтуін ерекше назарда ұстайтынын байқап жүрміз. Сондықтан сайлауды бейпартиялық байқау орталығындағы бүгінгі кездесу үшін алғыс айтамын. Орталық сайлаудың таза өтуіне өзінің елеулі үлесін қосады деп білеміз» деп сөзін түйіндеді депутат.
Оқырмандардың есіне сала кетейік, биыл желтоқсан айының басында елордада сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылды. Бұл орталық сайлау учаскелерін барынша қамту үшін әлемдік стандарттарға сай байқаушыларды дайындайды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button