Құқық

Бөтен адамға бермеңіз!

Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, шұғыл түрде қоңырау шалу керектігін айтып, артынша ізін суытады. Соңғы уақытта осындай оқиғалардың саны күрт артып кетіпті.

Заң органдарына арыз түсіргендердің бірінің айтуынша, оның кәмелетке толмаған ұлының ұялы телефонынан бейтаныс ер адам қоңырау шалуды өтінген. Жеткіншектің 59 мың теңге тұратын телефонын алған ол әп-сәтте ізім-ғайым жоқ болып кетіпті. Тағы бір арызда зардап шегуші 90 мың теңгелік телефонын уақытша сұраған жас жігіттің бірден із суытқаны жазылыпты. Сонымен қатар, дәмхана қызметкері де Ішкі істер бөлімшесіне тура осындай мәселемен хабарласып, 110 мың теңгелік телефонынан айырылып қалғанын айтып арызданған. Қазір осы және өзге де оқиғалар негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бо­йынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл тұрғыда елорданың тәртіп сақшылары алдап-арбап, бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғаларының жиілеуіне байланысты тұрғындарды мұндай жағдайда абай болып, өз гаджеттерін бейтаныс адамдардың, тез арада болса да, қолдануына рұқсат бермеуге шақырады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button